![XXIV Қысқы Олимпиада ойындары. Қазақстан спортшыларының 5 ақпан күнгі нәтижесі](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/2/5/1644078280732.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық скиатлон жарысы:
Ксения Шалыгина 48-орын
Ангелина Шурыга 49-орын
Валерия Тюленева 51-орын
Надежда Степашкина 58-орын
Шаңғышылар 8 ақпан күні спринт жарысына қатысады.
Олимпиада чемпионы - норвегиялық Тереза Йохауг
Күміс - ресейлік Наталья Непряева
Қола - австриялық Тереза Штадлобер
Фристайл-могулдан Дмитрий Рейхерд үздік 12 спортшының қатарына кіріп, 9-орын алды.
Павел Колмаков екінші іріктеу кезеңінен өте алмады.
Олимпиада чемпионы - швед спортшысы Виктор Вальберг
Күміс - канадалық Микаэль Кингсбери
Қола - жапондық Икума Хорисима
Шорт-тректен Қазақстан командасы аралас эстафетада 5-орын иеленді. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан В финалында Нидерланд құрамасымен бәсекеге түсіп, мәре сызығын екінші болып кесті. А финалында Канада құрамасы жарыстан шеттетіліп, ұлттық құрама 5-орынға жайғасты.
Олимпиада чемпионы - Қытай құрамасы
2-орын - Италия құрамасы
3-орын - Венгрия құрамасы
Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов 1000 метрге қашықтықта жарыс жолын 1/4 финалда аяқтады.
Конькимен жүгіру
3000 метрлік қашықтықта Надежда Морозова 13-орында. Морозова 3000 метр қашықтықта Қазақстанның үздік нәтижесінің иесі атанды.
Олимпиада чемпионы - нидерландтық Ирен Шоутен
Күміс - италиялық Франческа Лоллобриджида
Қола - канадалық Изабель Вайдеман
Қазақстандық конькимен жүгірушілер Екатерина Айдова мен Надежда Морозова 7 ақпан күні 1500 метрлік қашықтықта жарысқа қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=XXIV Қысқы Олимпиада ойындары. Қазақстан спортшыларының 5 ақпан күнгі нәтижесі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152579/)