Мәжілісте жеке қосалқы шаруашылықтар туралы заң жобасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте жеке қосалқы шаруашылықтар туралы заң жобасы таныстырылды

07.02.2022

Шағын ауыл шаруашылықтары кәсіпкерлік емес қызмет түріне жатқызылады. Яғни, адам жалдап, жұмыс істетпейді. Тиісінше оларға салық салынбайды. Бүгін Мәжілісте жеке қосалқы шаруашылықтар туралы заң жобасы таныстырылды. Құжатта жергілікті билікке қосымша құзырет беру де көзделген. Шенділер өндірістік инфрақұрылымды дамытуы шарт. Ал, қазір шаруалар мемлекеттік қолдаудан қағылып отыр. Жеңілдіктер ірі бизнес субъектілеріне беріледі. Ауылдағы ағайын жалпы ішкі өнімнің 75 пайызын өндіреді. Бірақ, арзанға сатуға мәжбүр. Екі ортада делдалдар пайдаға кенеліп отыр. Елдімекендерде 8 млн адам тұрады. Соның тек 500 мыңы жұмыс істесе, қалғаны төрт түлікпен күн көруде. Демек, жайылымдардан тапшылық болмауы тиіс. Алайда, 13 млн гектар жетіспейді. Қазір бары 21 млн гектар өріс. Жерді мемлекет меншігіне қайтару бірте-бірте жүргізіліп жатыр. Жалпы, елдегі малдың жартысына жуығы жеке қосалқы шаруашылықтардың қолында. Демек, ауыл өнімдерінің үлкен қоры бар. Енді, солардың жұмысын жүйелі жүргізу үшін заңдық негіз болуы керек,-деді сала министрі.

Хабарламаларға жазылу