Сенімгерлік басқару арқылы өтпей қалған елордадағы №1 автобус паркі енді тендер арқылы сатылмақ. Бастапқы құны 13 млрд 904 млн теңгеге бағаланып отыр. Электронды сауда-саттықты 15 ақпанда өткізу жоспарланған.
Сатып алушыға жалғыз шарт қойылып отыр. Ол - саланың қызметін 10 жыл бойы сақтау. Автобус паркі былтыр қарашада да саудаға шығарылған еді. Бұл кезде жауаптылар оны сенімгерлік басқару арқылы 5 жылға сатуды жоспарлаған. Нысан 2018-2019 жылы да саудаға шығарылған еді. Алайда әлі сатып алушы табылмады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордадағы №1 автобус паркі енді тендер арқылы сатылмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152649/)