Елімізде карантин кезінде шекарадан өтуге қойылған шектеулер жеңілдейді. Мұндай шешім коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды. Енді қазақстандықтардың және шетелдіктердің Қазақстанға кіріп-шығуына кедергілер жоқ. Нақтырақ айтсақ, визасыз режимі бар және тікелей әуе қатынасы бар елдерге барыс-келіс жасауға рұқсат. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін шетелге шығуға шектеу мерзімі екі есеге қысқармақ. Яғни, азаматтар 15 күн аралығында шекара аса алады. Тек бір талап – шетелден келгендердің барлығында вакцинацияға қарамастан 72 сағатқа жарамды ПТР нәтижесі болуы міндетті. Айта өтейік, бұл шаралар экономикалық белсенділікті арттыруға, ішкі туристік бизнесті дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан шекарасында карантиндік шектеулер жеңілдетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152671/)