Қырғызстанда халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасып жатыр. Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің мақұлдауымен жергілікті тұрғындарға негізінен «Sinopharm», «Sputnik V», «Pfizer» және «AstraZeneca» екпелері салынады.
АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің бүгінгі есебінше, Қырғызстанда пандемия басталғалы 199500-ден астам адам коронавирус жұқтырып, 2905-і қайтыс болған.
Сонымен қатар, осы күнге дейін Қырғызстан халқының 17 пайызы немесе 1 миллион 100 мыңнан астамы ковидке қарсы толық иммундалған.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғызстанда халықты вакциналау науқаны жалғасып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152691/)