Түркістан облысында бір тәулік бойы хабарсыз кеткен жолаушылар табылды.
Бес адам жетінші ақпан күні сағат 12-лер шамасында жеңіл автокөлікпен Егізқара ауылынан Ынталы елдімекеніне жолға шыққан. Алайда, олар хабарсыз кеткен соң туыстары құтқарушылардан көмек сұрайды. Тұрғындарды іздестіруге өңірдің 9 құтқарушысы арнайы техникамен шығып, жолаушыларды он шақырым жерден тапты. Олар Егізқара ауылының тұсында қар құрсауында қалып қойған. Бәрі дін аман.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152696/)