Ақ Олимпиадада Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әні шырқалды. Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев қысқа бағдарламада қазақ ақынының әнімен өнер көрсетті.
Сайыста ол 85,30 ұпай еншілеп, 16-орынға жайғасты. Енді 10 ақпанда еркін бағдарламада сынға түседі. Денис Васильев осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2018 жылы бірінші рет Пхенчхан Олимпиадасына қатысқан болатын. Онда ол жарысты 19-орынмен аяқтаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақ Олимпиадада Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әні шырқалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152704/)