![Би фестивалі басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31561.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Басты мақсат - жастарды, өскелең ұрпақты өнерге баулу. Енді 2 ай бойы елорда тұрғындары мен қонақтарына би студиялары мен мектептердің шәкірттері түрлі концерттік бағдарламасын арнайтын болады.
Марал Кәми,ұйымдастырушы:
«Өнерліге өріс кең». Айына екі рет демалыс күндері осы фестивальді ұйымдастыратын боламыз. Бұл жақсы дәстүрге айналады, деп ойлаймын. Біздің көздегеніміз - Астанадағы барлық би ұжымдарын біріктіру. Айта кетерлігі, мұнда кез келген адам қатысып, би билеуге мүмкіндік алады.
Шырақ БАЙКЕНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Би фестивалі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15274/)