Түркістан облысында 240 мың адам ревакцинациядан өтті. Ал, «Pfizerдің» алғашқы компонентін 167 мың , екіншісін 100 мыңға тарта тұрғын салдырған. Соның арқасында аймақта соңғы күндері індет жұқтыру дерегі азайды, - дейді мамандар. Мәселен, соңғы тәулікте ковидке небәрі 17 адам шалдыққан. Осылайша коронавирустың тәуліктік өсімі 0,10%-ды құраған. Десе де сақтық шаралары барынша қолға алынған. Облыста 900 инфекциялық және 350 карантиндік төсек-орын әзірленген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында 240 мың адам ревакцинациядан өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152810/)