Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, 10-12 ақпан аралығында Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында қарлы боран соғып, көк тайғақ болады. Өзге өңірлерде де ауа-райы нашарлап, қар жауып, жел күшейеді. Осы ретте Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді сақ болуға шақырады. Мұзда, жаңа жауған қарда көліктер ара қашықтықты сақтап жүргені абзал. Әсіресе ауа-райы құбылып тұрғанда алыс сапарға шықпауды ескертеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152814/)