Цифрлық майнинг заңнамалық тұрғыда реттеледі. Президенттің тапсырмасы аясында Премьер-Министр арнайы кеңес өткізіп, цифрлық майнингті «көлеңкеден» шығару бойынша бірқатар түйткілді талқылады. Әлихан Смайыловтың сөзінше, 2021 жылға дейін электр энергиясын тұтыну 2% өссе, былтыр бұл көрсеткіш 6% асқан.
Мұндай елеулі өсім – көлеңкелі майнингтің салдары деген Үкімет басшысы, елімізде электр энергиясы тапшылығының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қызметтің аталған түрін көлеңкелі сектордан шығару мақсатында тиісті министрліктерге нақты тапсырмалар берді. Аталған қызмет лицензиялануы тиіс. Қазіргі уақытта майнинг мәселелері бойынша заңнамаға қажетті түзетулер әзірленіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Цифрлық майнинг заңнамалық тұрғыда реттеледі - Премьер-Министр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152825/)