![Бейжің-2022: Бүгін Жанбота Алдабергенова мен Шерзод Хаширбаев жарыс алаңына шығады](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/2/10/1644486515768.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін 16:55-те «Qazsport» арнасында фристайл-акробатикадан командалық сайысқа Жанбота Алдабергенова мен Шерзод Хаширбаев шығады.
Жарыс алаңына шығатын спортшыларымыз жайлы:⤵️
Жанбота Алдабергенова 1995 жылы 23 қырқүйекте дүниеге келген. Фристайл-акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Жетістіктері:
2012 жылы Раубичи (Беларусь) қаласында өткен Еуропа Кубогының жеңімпазы;
2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қатысушысы;
2015 жылғы Сондрио (Италия) қаласында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
2016 жылы Мәскеудегі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
2017 жылғы Дүниежүзілік Универсиада жеңімпазы;
2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасының қатысушысы;
2019 жылы Рука (Финляндия) қаласындағы Әлем чемпионатының алтын және қола жүлдегері;
2021 жылғы Рука (Финляндия) қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Шерзод Хаширбаев 2003 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. ҚР спорт шебері.
Жетістіктері:
2020 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.;
2021 жылы Юта штатында (АҚШ) өткен Солтүстік Америка кубогының алтын жүлдегері;
Әлем чемпионаты және Еуропа кубогына қатысып, үздік ондыққа еніп жүрген спортшы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бейжің-2022: Бүгін Жанбота Алдабергенова мен Шерзод Хаширбаев жарыс алаңына шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152836/)