Батыс Қазақстан облыстық ауруханасында омыртқаға жаңа рентген-хирургиялық құрылғымен операция жасалды. «С-доға» қондырғысы арқылы рентген кескінді анық әрі сапалы көруге, науқастың жағдайын тереңірек зерттеуге болады. Дәрігерлер омыртқа, жұлын ауруларының барлық түрін емдеуге мүмкіндік алды.
Енді науқастарға елордаға ат арылтпай-ақ, нейроохирургиялық күрделі операцияларды өңірде жасатуға болады. Бұл жолы биіктен құлап, өндірісте жарақат алған құрылысшының омыртқасына операция жасалды.
Бекежан Траисов, облыстық Көпбейінді аурухананың нейрохирург дәрігері:
Науқасты төменгі омыртқа жотасындағы ауырсынулар мазалады. Бұрын ота жасалса да, омыртқаның кей бөліктерінің ауыруы басылмапты. Сондықтан, жаңа қондырғы көмегімен тіліксіз ота жасалды. Рентген арқылы бақылап, науқастың жүріп-тұруына кедергі келтірген кемшін тұстарын анықтадық. Ота сәтті өтті.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстанда жаңа медициналық құрылғымен операция жасалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152844/)