![Астанада «Опералия-2014» Халықаралық фестивалі басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31573.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада «Опералия-2014» Халықаралық фестивалі басталды. Дәстүрлі шараның алғашқы күнінде «Әлемдік балет жұлдыздары» атты гала-концерт өтті.
Оған әлемнің 6 мемлекетінен келген өнерпаздар қатысты.
Дені - әлемдік би аренасында танымал тұлғалар. Қала тұрғындары концерттік бағдарламаны 2,5 сағат бойы тамашалады.
Биыл бұл фестиваль осымен тоғызыншы рет өтіп отыр.
Концерттік бағдарламаның екінші бөлімі 1-шілде күні Алматыда өтеді. Бұл күні қала тұрғындары «Әлемдік опера жұлдыздары» атты гала-концертті тамашалай алады.
Тұрсынбек Нұрғалиев, «Астана Опера» театрының бас балетмейстері:
Бұл шара Алматы мен Астананың үлкен театрларының қатысуымен өтіп жатыр. Көрермен өз бағасын берер.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= Астанада «Опералия-2014» Халықаралық фестивалі басталды &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15287/)