Талдықорғанда қаңтардағы дүрбелең кезінде азаматтық белсенділік танытқан тұрғындар марапатталды. Олардың қатарында кәсіпкерлер, еріктілер мен белсенді азаматтар бар. Солардың бірі -Индира Қасымова. Ол облыс орталығындағы ірі мейрамханалардың бірінде аспаз болып қызмет етеді. Бірнеше күн бойы 400-500 адамға ас әзірлеп отырды. Ыстық тамақ блокбекеттерде тұрған әскерилер мен тәртіп сақшыларына, емдеу мекемелеріндегі ақ халаттыларға күніне екі реттен жеткізіліп тұрды. Бүгін Индира сында 20-дан астам қала тұрғынының кеудесіне «Қазақстан патриоты» төсбелгісі тағылды.
Индира Қасымова, қала тұрғыны:
Қазақ елінде енді мұндай заман тумаса екен. Жастарымыздың келешегі жарқын болсын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Талдықорғанда ел басына күн туған шақта азаматтық танытқан тұрғындар марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152924/)