Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 150 млрд теңге бөлу қарастылып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, несие бағдарламасының әзірге екі нұсқасы ұсынылған.
Біріншісі, жеңілдікпен берілетін несиеге 4 жылға 150 млрд теңге бөлу ұсынысы. Оның 30 млрд теңгесі алғашқы жылы берілуі мүмкін. Мамандар несие беру шарттарын 2015 жылғы ескі бағдарламамен бірдей етіп қалдыруды ұсынып отыр. Ал екінші нұсқа – халықтың әлеуметтік осал топтарына бастапқы жарнасыз несие беру. Оған «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторының утиль алым арқылы тапқан ақшасынан 100 млрд теңге алынуы мүмкін.
Несиені 7 млн теңгеге дейін беру бастамасы талқыланып жатыр. Ұсыныстар экономикалық тиімділігі мен мақсатына байланысты айқындалады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы: Несиені 7 млн теңгеге дейін беру бастамасы талқыланып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152925/)