Шетелден жұмыс күшін тартуға берілген квота биыл 16%-ға қысқарды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, енді елде 28 мың емес, 23 мың шетелдік маманды жұмысқа шақыруға болады.
Квота 4 санатқа бөлінеді. Басшы және оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімше басшысы, білікті жұмысшылар мен мамандар. Ал маусымдық жұмысқа 2300-ден аса адам шақырылады. Дегенмен бұл шараның еңбек нарығында тапшы мамандық иелері мен бейінді мамандарға қатысты жоқ. Былтыр елде жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 932 шетелдік азамат еңбек етті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шетелден жұмыс күшін тартуға берілген квота биыл 16%-ға қысқарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152926/)