![Қазақстандық спортшылардың 12 ақпан күнгі нәтижесі](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/2/12/1644671192085.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шаңғы жарысы:
Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасы 15-орын алды. Енді спортшылар 16 ақпан күні командалық спринтке қатысады.
Конькимен жүгіру:
Конькимен жүгіруден сынға түскен Иван Аржаников 35,82 нәтижесімен 28-орын алды. Енді Иван 18 ақпан күні 1000 метр, 19 ақпан күні ерлер арасындағы масс-стартта бақ сынайды.
Биатлон:
Ерлер арасындағы 10 шақырымдық жарыста сынға түскен Александр Мухин мәреге 49-болып келді. Владислав Киреев жарысты 78-орында аяқтады. Александр мен Владислав 18 ақпанда болатын ерлер арасындағы 15 шақырымдық масс-старт жарысына қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық спортшылардың 12 ақпан күнгі нәтижесі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152939/)