Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, Қаңтар трагедиясында қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштау рәсіміне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев құран бағышталған соң арнайы сөз сөйледі. Биылғы жыл еліміз үшін қайғылы басталғанын, халқымыз өте қиын күндерді бастан өткергенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоры да осы қайырымдылық жұмысқа атсалысады деп ойлайтынын, енді халқымыздың тыныштығын бұзуға жол берілмейтінін жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштау рәсіміне қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152947/)