АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында вакцина алмаған мыңдаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылады. Оларға екпе салуға берілген уақыт жұма күні, яғни ақпанның 11-де аяқталды. Бірақ бұл ережемен келіспей, шеруге шыққандар бар. Демонстранттардың сөзінше, вакцина үшін жұмыстан босату - Америка Конституциясына қайшы келетін әрекет.
«Рейтер» агенттігінің дерегінше, қаңтардың соңында қалалық 370 мыңдай қызметкердің 4 мыңына коронавирусқа қарсы иммундалу талабы қойылған. Солардың ішінде 2 мыңдай өрт сөндіруші бар.
Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, екпе алмау қоғам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретіндіктен, вакцинаны барлық муниципиалдық жұмыскерлер салдыруға міндетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та вакцина алмағандар жұмыстан босатылмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152971/)