Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай Вашингтоннан ауған орталық банкінің активтерін қайтаруды талап етіп отыр. Оның сөзінше, халықтың ақшасын ұстау – әділдікке жатпайды. Сондықтан президент Джо Байден бұл қаражатты Ауғанстанға аударуға тиіс.
АҚШ былтыр тамызда Кабулдегі билікке тәліптер келгенде Ауғанстан орталық банкінің 9 миллиард долларын бұғаттады. Және де жұма күні Байден осы қаржының 3 жарым миллиардын 11 қыркүйек терактісі құрбандарына көмекке бөлу туралы қаулыға қол қойған. Алайда Карзайдың айтуынша, ол лаңкестік шабуылға бірде-бір ауғандықтықтың қатысы жоқ, сол үшін Америка лидері өткен аптадағы бұйрығын доғаруы керек.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауғанстанның бұрынғы президенті Вашингтоннан есепшоттағы ақшаны қайтаруды талап етті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152979/)