Ресейдегі жетекші техникалық университеттердің филиалдары елімізде ашылады. Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде бас-аяғы 11 құжатқа қол қойылса, оның басым бөлігі – білім саласына бағытталды. Осылайша алысқа бармай-ақ елімізде техникалық мамандықтарды даярлауға мүмкіндік туады. Мұнымен қоса «Болашақ» бағдарламасына ресейлік уинверситеттер де қосылады. Демек, жастардың жан-жақты білім алуына бар жағдай жасалып жатыр. Бұл елдегі маман тапшылығы проблемасын түбегейлі реттеуге сеп дейді сарапшылар.
Жақсыбек Ақтілеу, «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ арнайы жобалар басқармасының менеджері:
Президентіміздің бастамасымен Ресейдің жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашу көзделіп жатыр. Бұл елімізде техникалық мамандарды дайындауға біліктілігін артытруға көмектесетін болады. Жалпы, біздегі энергетика, мұнай-газ саласында жоғары білікті мамандардың жетіспейтіні, шетелден шақыруға мәжбүр болатынымыз бар. Осы саланы дамытуға өзінің үлесін қосатын жоба болады деп ойлаймын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейдегі жетекші техникалық университеттердің филиалдары Қазақстанда ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/152999/)