Алматы облысында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қамауға алынғандарды азаптау дерегі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалып тергелуде. Сондай-ақ тергеу және уақытша ұстау изоляторынан 33 адам босатылды. Оның ішінде 8 кәмелетке толмаған бала бар. Жалпы қаңтар оқиғасында 758 адам зардап шекті. Оның 643-і полиция қызметкері, 78-і әскерилер, 37-сі бейбіт тұрғын. 8 ғимарат бүлініп, 68 көлік қиратылды, 7 көлік толығымен өртеніп кетті. Қаңтар оқиғасы бойынша барлығы 384 қылмыстық іс тіркелді. Адам өлтіру дерегі бойынша 5 іс қозғалып, үш іс полиция департаментінің өндірісінде. Облыстық полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасы ғимаратынан 512 қару қолды болды.
Руслан Чарапиев, облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы:ҚР ҚК 287 бабына сәйкес, егерде өзінде қазіргі кезде заңсыз сақтаған қаруды сол тұлға бізге өз әрекетімен келіп тапсыратын болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында азаптау дерегі бойынша 37 іс қаралып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153018/)