Ерлан Қошанов Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі болып сайланды. Оның кандидатурасын Вице-спикер ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, фракцияның сапалық құрамында да өзгерістер бар. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров фракция төрағасының орынбасары және президиум мүшесі, ал Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Екатерина Смышляева фракция төралқасының мүшесі болды.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Nur Otan» фракциясының Мәжілістегі жетекшісі сайланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153049/)