Пайдаланылмай құр жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары да белсенді жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша былтардан бері 3 миллион 200 мың гектар жер телімі қайтарылған.
Оның 3 миллионы жайылымдық қалғаны егістікке арналған жер. Әрі жерді қайтару ісін ширату үшін шаруашылыққа деп алынған телімді кәдеге жарату мерзімі 2-ден 1 жылға азайып отыр. Оның үстіне жер пайдаланылмай құр жататын болса, салықты 20 есе ұлғайту көзделіп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Пайдаланылмаған 3,2 млн гектар жер қайтарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153090/)