Оралда дәріханадағы заңсыз сауда дерегі анықталып, 700 мың теңгенің тауары тәркіленді. Тіпті арнайы операция кезінде бір азамат есірткіге елітетін дәріні 5 мың теңгеге еш қиындықсыз сатып алған. Қолында дәрігердің рұқсат қағазы болмаса да, сатушы оған сұрағанын оп-оңай бере салған. Тексеру кезінде, есірткіге тәуелді ететін, денсаулыққа қаупі зор препараттардың бірнеше түрі табылды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстанда 700 мың теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153100/)