Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына жүк жөнелтілді. Оны «Союз» ракетасымен «Прогресс-80» кемесі жеткізеді. Американың Ұлттық ғарыш агенттігі – НАСА-ның мәлімдеуінше, бұл миссия орбиталық бекетке үш тоннаға жуық азық-түлік, жанармай және «Экспедиция-66» экипажы үшін өзге де құрал-жабдықтар апарады. Болжамдарға қарағанда, «Прогресс» Халықаралық станциямен ақпанның 17-де түйісуі керек.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Байқоңырдан халықаралық ғарыш станциясына жүк жөнелтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153106/)