Мысырда Суэц каналын үлкейту жұмыстары жалғасып жатыр. Оның екі жолды бөлігі 72 шақырымнан 82 шақырымға дейін ұзартылады. Және де 30-шақырымдық бөлігінің ені 40 метрге кеңейтіліп, 22 метрге дейін тереңдетіледі. Мұны осы арнаны басқаратын мекеме төрағасы Осама Раби хабарлады. Оның айтуынша, кеңейту жұмыстарының түпкі мақсаты -қозғалыс қауіпсіздігін арттыру.
Суэц – Қызыл және Жерорта теңіздерін байланыстыратын 190-шақырымдық канал. Өткен жылы мұнда әлемдегі ең ірі контейнерлік кемелердің бірі тұралағанда, жаһандық жүк тасымалы бір аптаға жуық тоқтап қалған еді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мысырда Суэц каналы кеңейтіліп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153114/)