Павлодардағы 162/2 түзеу мекемесінің бастығы ұсталды. Ол жазасын өтеушіні бопсалап, аса ірі көлемде ақша талап еткен. Алдымен туыстары арқылы қымбат орындық алғызған. Кейін тағы 3 млн. теңге көлемінде ақша сұратқан. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметі мен полицияның бірлескен операциясы барысында күдікті қамауға алынды.
Әділет Мұстафинов, Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:
Қазіргі кезде мына сот санкциясымен екі айға жабылды тергеу изоляторына. 366 шы бап бойынша. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда 162/2 түзету мекемесінің бастығы пара алып ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153119/)