Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады. Ғалымжан Пірматов инфляцияны болдырмау және бағаның өсуін тұрақтандыру жөніндегі жұмыс жоспарын баяндады. Президентке валюта және ақша нарықтарындағы ахуал, елдің алтын валюта резервтерінің жай-күйі туралы есеп берілді. Ғалымжан Пірматов баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі жоспарын да ұсынды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153138/)