Түркістан облысындағы «Қапланбек» кеден бекетінде Қазақстаннан Ауғанстанға аса ірі көлемде өсімдік майын өткізбек болғандар ұсталды. Шетел асып бара жатқан көліктерді тексеру кезінде 9 жүк көлігінен өсімдік майы табылды. Контрабандалық тауардың құны 97 миллион теңгеден асады. Қазір Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша Аумақтық департаменті қылмыстық іс қозғап, жүргізушілер тергеліп жатыр.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында 9 жүк көлігімен Ауғанстанға өсімдік майын жеткізбек болғандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153155/)