Сондай-ақ Мәжілісте шаруаларға бөлінген субсидияның талан-таражға түсіп жатқаны айтылды. Депутат Азамат Әбілдаевтың айтуынша соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығын дамытуға 2 триллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Бірақ салада ауыз толтырып айтар өзгеріс жоқ дейді. Оның үстіне субсидия түпкі иесіне жетпей, орта жолда талан-таражға түседі дейді ол. Оның үстіне банктер мемлекеттен 1-2 пайызбен миллиардтар алып, оны шаруаларға 17 пайызбен несие қылып беріп, соны субсидия деп атайтынын айтып отыр. Ауыл шаруашылығы экономиканың драйвері деген депутат саланы қатаң бақылауға алып, субсидияны арттыру қажет дейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Депутат Азамат Әбілдаев: Субсидия талан-таражға түсіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153157/)