Бразилияның Петрополис қаласында алапат тасқыннан опат болғандар саны 94-ке жетті. Қалада үш күн қаралы деп жарияланды. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Еске салайық, сейсенбіде толассыз жауын жауып, лай көшкіні жүрген. Жауын-шашынның бір айлық мөлшері түсіп, ондаған үй қирады. 300-дей тұрғын үйлерін тастап кетті. Олар мектептер пен уақытша шатырларды паналауға мәжбүр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бразилияда тасқын құрбандарының саны 94-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153182/)