Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» телеарнасына берген эксклюзив сұхбаты көрсетіледі. Онда Президент қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформаларға қатысты белгілі журналист Жайна Сламбектің өткір сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастары жөнінде сөз қозғады. Мемлекет басшысымен сұхбатты Ұлттық арнадан, бүгін кешкі 20:30-да көре аласыздар.
Досжан Қалиев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» телеарнасына берген эксклюзив сұхбаты көрсетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153184/)