Елімізде алғаш рет тікұшақ түріндегі дрон құрастырылып шығарылды. «IRBIS-4.0» деп аталатын ұшу аппаратын елордадағы жаңа технологияларды құрастыру мен сынау кәсіпорыны таныстырды. Дрон - тікұшақтың көмегімен орман мен су шаруашылық обеъектілеріне сондай-ақ, кен өндіру кәсіпорындары мен құрылыс обеъектілеріне түрлі моноторинг жүргізуге болады. Бұған дейін 42 шақырымды оңай еңсеретін ұшқышсыз ұшу аппараты әскери мақсатта қолданылып, тәжірибеден өткен.
Ардақ Бектасов, «SC Tech» ЖШС директоры:
Өндірістік базамызда әскери мақсаттағы бірнеше жобалар әзірлегенбіз. Оларды екі мемлекеттік мекемеге бердік. Олар әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлер бөлімшесінде жаттығу және оқыту мақсатында қолданылды. Бұл тікұшақ секілді дрон 7 кг-ға дейін жүкті көтере алады. Бұл техника адам аяғы бармайтын нүктелерге зерттеу жұмыстарын жүргізуге таптырмайтын құрал дер едім.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Отандық инженерлер тікұшақ түріндегі дрон құрастырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153204/)