Түркістан облысында қауіпті індет жұқтырған науқастар саны азайды. Халқы тығыз орналасқан өңірде соңғы тәулікте ковидке шалдыққан 2-ақ адам тіркелген. Ал, инфекциялық стационарларда 71 науқас ем қабылдауда. Аймақта күні бүгінге дейін «Pfizer» вакцинасының алғашқы компонентін 180 мыңнан аса адам, екінші компонентін – 122 мыңнан аса тұрғын қабылдаған. Жалпы 1 млн 046 мыңнан аса адам вирусқа қарсы екпе салдырған.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында қауіпті індет жұқтырғандар азайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153205/)