![Конькимен жүгіру: Дмитрий Морозов пен Денис Кузин Олимпиада ойындарын аяқтады](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/2/18/1645179235291.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден 1000 метр қашықтықта сынға түскен Дмитрий Морозов 01:09:61 нәтижесімен 17-орын алды. Ал Денис Кузин 01:10:07 көрсеткішімен жарысты 23-орында аяқтады.
Сайыстан соң 2013 жылғы Әлем чемпионы, 4 Олимпиада ойындарының қатысушысы Денис Кузин спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
Бұл бәсекеде үздік шыққандар:
Олимпиада чемпионы – Томас Крол (Нидерланд) (01:07:98)
Күміс жүлде – Лорен Дюбреул (Канада) (01:08:32)
Қола жүлде – Хаавард Лорентсен (Норвегия) (01:08:48)
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Конькимен жүгіру: Дмитрий Морозов пен Денис Кузин Олимпиада ойындарын аяқтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153279/)