![Қазақстандық спортшылардың 18 ақпан күнгі нәтижесі](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/2/18/1645184858198.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Конькимен жүгіру:
Қазақстан құрамасының спортшылары Дмитрий Морозов пен Денис Кузин конькимен 1000 метрге жүгіруден сынға түсті. Екінші жұпта АҚШ өкілі Остин Клебамен бірге өнер көрсеткен Дмитрий Морозов мәреге 01:09:61 уақытта келіп, жарыс қорытындысы бойынша 17-орынға табан тіреді.
Денис Кузин 5-жұпта италиялық Давид Босамен мұзайдынға шығып, 01:10:07 нәтижесімен 23-орынға тұрақтады. Жарыс соң Кузин спорттағы мансабын аяқтайтынын айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық спортшылардың 18 ақпан күнгі нәтижесі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153299/)