Елде көлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталады. Халықтың транспорт бойынша қарызы 13 млрд 900 млн теңгеге жеткен. Кірістер комитетінің мәліметінше, міндетті төлемге 266 мыңнан аса адам борышкер. Алматының өзінде тұрғындардың автокөлік салығына қарызы 3 млрд теңгеден көп. Мегаполисте 32 мың адам әлі қарызын қайтарған жоқ. Салық мөлшерін кіріс комитетінің ресми сайтына кіріп, есептеуге болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көлік салығын төлеу мерзімі сәуірде аяқталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153318/)