![Қазақстандық спортшылардың 19 ақпан күнгі нәтижесі](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/2/19/1645267190661.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Конькимен жүгіру:
Бүгін бұл спорт түрінен соңғы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Ерлер және әйелдер масс-стартта жүлдеге таласты. Бұл дистанцияда ел намысын ерлі-зайыпты Дмитрий-Надежда Морозовтар қорғады.
Дмитрий Морозов жартылай финалдық бәсекеде 10-орынға табан тіреді. Спортышымыз спринтте бірнеше ұпайға ие болғанымен, қорытынды нәтижеде финалға шыға алмады.
Ал Надежда екінші жартылай финалда 8:42.23 уақыт көрсеткішімен үздік сегіздіктің қатарынан көрінді. Спортшымыз осылайша финалға сынға жолдама алған еді. Дегенмен финалда Надежда Морозова 14-орыннан көрінді.
Финалдық бәсекеде Надежда 8:21.05 уақыт нәтижесін көрсетті.
Шаңғы жарысы:
Бейжің қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты ерлер арасындағы 50 шақырымдық масс-старт жарысы 30 шақырымға қысқартылды.
Бұл жарыста Қазақстан атынан сынға түскен Евгений Величко мәре сызығын 43-ші болып кесті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық спортшылардың 19 ақпан күнгі нәтижесі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153328/)