Еуропа елдерінде «Юнис» дауылынан 16 адам көз жұмды. Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққан қатты желдің кесірінен құлаған ағаштар тым көп. Қаза тапқандардың басым бөлігі осы ағаштардың астында қалып қойған. Ауа-райын болжаушылардың мәліметінше, қарт құрлықта соңғы 30 жылда мұндай алапат дауыл болмаған. Табиғат апатының кесірінен Ұлыбританияда млн-ға жуық үй жарықсыз қалды. Германияда Эльба өзені арнасынан асып, елді-мекендерді су басты. Ал, Бельгияда қатты жел стадионның шатырын жұлып кетті. Жұма күні өтеді деп жоспарланған футболдан ел чемпионаты кейінге шегерілді. Сондай-ақ, дауылдың салдарынан Еуропа елдерінде әуе, теміржол қатынасы тоқтап, мектептер уақытша жабылды. Боранда көлік апатына ұшырап, үстіне ағаш құлап, жарақат алған мыңдаған науқас қазір ауруханаларда жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропада қатты дауылдан 16 адам мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153359/)