Наурыздан бастап қоғамдық тамақтану орны бар немесе саудамен айналысатын кәсіпкерлер үшін «салық төлеушінің паспорты» енгізіледі. Бұл - кәсіпкердің ақпараттық картасы. Паспортты бизнес иелері бақылау-касса машиналарының жанына және жалпыға бірдей қолжетімді орынға орналастыруға тиіс. Осы арқылы азаматтар кәсіпкерлік нысан туралы ақпаратпен бірге, оның алкоголь өнімдеріне лицензиясы бар-жоғын біле алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Наурыздан бастап кәсіпкерлер үшін «салық төлеушінің паспорты» енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153410/)