Буркина-Фасоның оңтүстік-батысындағы заңсыз алтын шахтасында жойқын жарылыс болды. Апаттан 60 адам қаза тауып, ондағаны жараланған. Елдің Пони провинциясында болған жарылыстың себебі әзірге белгісіз. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Айта кетсек, Буркина-Фасо кеніштерінде апаттар жиі болады. Қауіпті заңсыз шахталарда жұмыс істеуге балалар да тартылады екен.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Буркина-Фасо: Заңсыз кеніште болған жарылыстан 60 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153445/)