Қазнетте Семей маңында карантиндік лагерьлердің құрылысы басталғаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Онда адамдарды зорлықпен оқшаулайды делінген. Кейбір желі қолданушылары бұл түрмеге ұқсайды деп қауесетті одан әрі ушықтыруда. Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Мұндай хабарламалар 2020, 2021 жылдары да тараған. Екі жағдайда да ақпарат фейк болып шықты.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Желіде Семей маңында карантиндік лагерьлер салынады деген фейк ақпарат тарап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153453/)