Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында министрлерге журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды. Сондай-ақ, тілшілердің сұрағына нақты жауап бере алмаған Денсаулық сақтау министрлігін сынға алды. «Мұндай жағдайлар бүкіл Үкіметтің жұмысына кері әсерін тигізеді» деп атап өтті ол.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:Біз қоғамға ашық болуымыз керек. Әрбір қабылданған шешімді дұрыс түсіндіру керек. Қоғаммен ақылдаса отырып, қабылдау керек. Үкіметтің бұл - негізгі міндеті.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкімет басшысы министрлерге журналистермен тығыз байланыс орнатуды тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153454/)