Қаржы нарығында доллар қымбаттап жатыр. Қазақстан қор биржасындағы сауда сессиясының қорытындысы бойынша АҚШ валютасы 2 теңге 33 тиынға нығайып, 433 теңге 39 тиынға теңесті. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 437-440 теңгеден, Нұр-Сұлтанда 436-439 теңгеден саудаланып жатыр. Ал еуро керісінше 2 теңгеге әлсіреп, 487 теңгеге теңесті. Айта кетейік, бүгін Ұлттық банк 33 млн долларға валюталық интервенция жасады. Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қаржы нарығындағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаржы нарығында доллар қымбаттап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153484/)