Кешелі бері еліміздің бірқатар аймақтарында ақтүтек боранға байланысты жол жабық. Алматы облысының Үшарал-Достық тас жолында қатты желге байланысты көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылды. Желдің екпіні қатты болғаны соншалық Ырғайты учаскесінде жүк көлікті тіркемесімен аударып жіберген.
Сондай-ақ, Павлодар облысында тәртіп сақшылары боранда қалған көліктерге бағыт бағдар көрсетіп, шығарып салған. Екі полиция қызметкері кезек-кезек 35 шақырымды жаяу жүрген .
Ал Орал-Атырау тас жолында қалың тұманға байланысты қозғалыс толықтай шектелді.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің бірқатар аймақтарында ақтүтек боранға байланысты жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153494/)