Елімізде жеңілдетілген автонесие бағдарламасының жаңа шарттары айтылды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, 4 пайызбен машина алу үшін енді алғашқы жарнаның қажеті жоқ. Несие ешқандай алдын ала төлемсіз 7 жылға беріледі. Бұған дейін автонесие рәсімдеуге көлік құнының 20 пайызы қажет еді. Бағдарламаға 100 миллиард теңге бөлінбек. Өтініш қабылдау жақында басталады. Сондай-ақ вице-премьер салондарда машина жетіспеушілігіне микрочиптер өндірісінің баяулауы әсер етіп отыр деді. Айтуынша, көлік нарығындағы ахуал келер жылы тұрақталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде көлік нарығы келер жылы қалпына келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153547/)