Киев тұрғындары қаладан кете бастады. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр. Ресей әскери операция бастағаннан кейін Украина жолдарында көлік қозғалысы жиілегені байқалды. Жанар-жағармай құю станцияларында көліктер кезегі түзілді. Сонымен бірге қала тұрғындары қажетті тауарлар мен азық-түлікті жаппай сатып алып жатыр. Дүкендер, банктер алдында да ұзын-сонар кезек тізіліп тұр.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Киев тұрғындары қаладан кетіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153595/)