Шараға Қазақстаннан бөлек, Армения, Қырғызстан, Ресей үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады. Сондай-ақ, Молдова, Өзбекстан және Куба бақылаушы елдер ретінде келеді деп жоспарланған. Отырыс шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. Онда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдай, тұрақты экономикалық дамуды қамту мәселелері талқыланады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153633/)